Жаңалықтар

Карнавалды Кітапхана түні

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдыстыруымен «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру мақсатында « Карнавалды Кітапхана түні-2023» әлеуметтік-мәдени іс шарасы өткізілді. Оқырмандарды кітапқұмарлыққа баулу, оқуды дәріптеу, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу, кітапханамен қоғамның арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Мәлікқызы Қалқабаева арнай қатысып, рухани және мәдени дамудың басты құралы кітап оқудың өміршеңдігін жеткізе келе, бүгінгі кітапхана түніне сәттілік тіледі. Кештің басы «Biblio night» атты карнавалды шоуымен басталып, кітапхананың түнгі әлеміне жиналған қала тұрғындарына кітаптағы ең құнды тарихи дастандардағы ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған асыл мұралар кітап арқылы жеткізе білетін оқырмандарға «BookDating» атты кітап кейіпкерлерінің де...
Толығырақ... Оқылды: 65 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.12.2023

Кітапханада облыстық байқаулар қорытындыланды

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау барысында «Қазақ прозасының пырағы» атты облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттауда ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларын оқу; оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Байқауға аудан, қала мектеп оқушылары мен колледж студеттері қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. І-кезеңде қатысушылар жазушының шығармасын таңдай отырып, әңгімеден үзіндіні жатқа айтса, II-кезеңде әділқазылар алқасы мүшелерінің сараптамасынан өткен қатысушыларға жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығынан 10 сұрақтан қойылды. Байқау қорытындысында қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтады. Талдықорған жоғары медициналық колледжінің ст...
Толығырақ... Оқылды: 65 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.12.2023

Ақын Жомарт Мақатұлы Игіманның «Өлең кернеп барады жүрегімде» кездесу кеші

Өлке әдебиеттерін насихаттау аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты «Сарқан» аудандық газетінің бас редакторы Жомарт Мақатұлы Игіманның 65 жасқа толуына орай «Өлең кернеп барады жүрегімде» атты кездесу кеш өтті. Шара барысында келген оқырмандарға ақын шығармашылығына арналған «Жүрегі жырға жомарт – Жомарт ақын» атты кітап көрмесі таныстырылып, өмірінен сыр шертер бейнеролик көрсетілді. Аталған іс-шараға Жетісудың көрнекті ақын-жазушылары Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдірахым, Нүрила Бектемирова, Жангелді Немеребай қатысып, ақынға 65 жасқа толған торқалы тойымен құтықтап, нағыз адамға тән қасиеттерге ие тұлға ретінде халықтың құрметіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын саласын атқарып отырған абырой – беделі жайлы кеңінен толғап өтті. Сондай-ақ кеште ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген жастар ақынның өле...
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.12.2023

Қазақ КСР-нің халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр тойы» кітабының тұсаукесері

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қырғыз Республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, актриса Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына орай журналист, республикалық «Үшқоңыр» газетінің бас редакторы Болат Батыр мен Қазақстанның театр қайраткері Зәмзәгүл Әмірғалиеваның бірлесе шығарған кітап авторларының «Болат Медиа» баспасынан жарық көрген «Ғасыр тойы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шара барысында кітап авторларының өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін және ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым кітаптың тұсауын кесті. Рухани шараға жиналған қауым арасынан Талдықорған драма театрының директоры Ерлік Жуасбек және ақын Гүлбақыт Қасен сөз алып авторларға ықылас танытып, шығармашылық табыстар тіледі. Республикалық «Үшқоңыр» газетінің...
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2023

«Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауы

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру, балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауы өтті. Жарысқа көркем сөз оқу шеберлігін игерген 11-12 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 16 оқушысы қатысып бақ сынасты. Байқау үш кезеңнен тұрды. І кезеңде «Эссе» жазу яғни, алдын ала ережеге сай үздік 6 автордың шығармаларына эссе жазып, қазылар алқасына берді. ІІ кезеңде «Портретті біліңіз» тапсырмасында, экраннан ұяшықтарды тандай отырып, ұяшықта жасырылған белгілі жазушылардың аты-жөнін суреті бойынша тауып, жауабын қазылар алқасына ұсынды. ІІІ кезеңде «Әрі қарай, әрі қарай…» тапсырмасы бойынша оқыған 6 автордың шығармаларынан сұрақтар қойылды. Байқауға «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің», «Тілдерді дамыту жөнін...
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.11.2023
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика